1965 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, ҚазҰУ, филология факультеті (1990 ж.), филология ғылымдарының кандидаты. 2005 жылы профессорлар А.Қыраубаева, Ж.Тілеповтің жетекшілігімен «Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім Ата) әдеби мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1990-1993 жылдары – Алматы қаласы Б.Момышұлы атындағы №131 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі; 1993-2001 жылдары – Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев аулындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары; 2002 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы; 2005 жылдан бастап – ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында доцент м.а., аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді. Кәсіби біліктілігі: Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеген көрнекті ғалым, профессор Алма Қыраубаеваның ғылыми-әдеби мұраларын жинақтап, бес томдық шығармалары мен библиографиялық жинағын, кітаптарын құрастырып, жарыққа шығарушылардың бірі. Халықаралық және республикалық конференцияларға жүйелі түрде қатысып, баяндамалары жинақтарда жарияланып тұрады. Университеттің, факультеттің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысады. АОМКДИ-дің ІІ дәрежелі дипломының (2004) иегері, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің (2008), «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси газеті редакторының (2013) алғысхаттарымен марапатталған. 70-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1990 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
15.11.2005 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
12.12.2022 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
Eмтихан бағдарламасы. Қазақ тілі. 1-сем. 24-25ж |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
Дәрістердің қысқаша конспектісі |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
Практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
ТӨЖ тапсырмаларын орындау кестесі 1 сем 24-25 |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
Силлабус. Қаз. т. 24-25ж. Н.М. |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
Eмтихан бағдарламасы. Қазақ тілі. 1-сем. 24-25ж |
|
Қазақ тілі (Грамматика,Жазылым) |
1-семестр. ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ. Мәтбек Н. |
|
Қыраубаева А. Жаным садаға. 5 томдық шығармалар жинағы. 4-том.
Өнер 2011 - г. 20 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Өмірмен өзектес жанр
Нур-Принт 2012 - г. 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қыраубаева А. Мыңжылдық жолаушы. 5 томдық шығармалар жинағы. 5-том.
Өнер 2012 - г. ISBN 978601209197/7 33 - стр. ҚАЗАҚСТАН
1. Ежелгі дәуір әдебиеті. ЖОО филология факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы / Құрастыр. А.Қыраубаева (Алматы: Ана тілі, 1991). - 2-басылымы, - Баспаға әзірлеген Н.Мәтбек, Астана: Билдинг, 2013. - 374 б.
Билдинг 2013 - г. 23 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бір қыз бен он алты ақын
Билдинг 2013 - г. 24 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жамбыл салған ән еді
Билдинг 2013 - г. 7 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет.
Өнер 2008 - г. ISBN 978-601-209-044-4 13 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қазақша-орысша-дарише тілдескіш
" Қазақ университеті " 2014 - г. ISBN 978-601-04-0329-1 130 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1265-1 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Түркі тілдері
Астана 2015 - г. ISBN 978-601-7504-11-3 28 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Умирбекова Р.К.
Қазақ тілі: оқу құралы / Р.Қ. Өмірбекова, Н.Қ. Мәтбек. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 220 б.
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-2438-8 14 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Тастемирова Г.А.
Қазақ тілінен мәтіндер жинағы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2338-1 56 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Тилеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е., Тастемирова Г.А.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері: оқу-әдістемелік құралы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2324-4. 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Тилеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е., Тастемирова Г.А.
Шетелдік тыңдаушыларға білім берудің ерекшеліктері: оқу-әдістемелік құралы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2323-7. 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Тастемирова Г.А.
Қазақ тілінен мәтіндер жинағы (техникалық мамандықтарға арналған)
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2338-1. 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау
Мемлекеттік тілдерді дамыту институты 2017 - г. ISBN 978-601-232-542-3 16 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Сүлеймен Баақырғанидың шығармашылық өмірбаяны
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3555-1 10 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Пәнді оқытудағы заманауи ізденістер: технология және жаңашылдық
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-5115-5 21 - стр. ҚАЗАҚСТАН
2
құжаттар
2